Көңіл айтуды жөн деп санадым — Болат Назарбаевтың асында болған Әлихан Смайылов
Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың жаназасына не үшін барғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сұрақты сенат кулуарында үкімет басшысына журналистер қойған.
– Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз бар. Ол қайтыс болған адамның жақындарына, туыстарына көңіл айту. Сондықтан, мен премьер-министр ретінде тұңғыш президентке көңіл айту жөн деп санадым. Оның үстіне сол күні мен Алматы қаласында іссапарда болдым. Ол жақта үлкен әрі маңызды жоба басталды. Ол — Алматы қаласының айналма теміржолының бастамасы. Ол біздің көліктік және транзиттік өте маңызды жоба. Іссапарда болдым да сол күні тұңғыш президентке көңіл айтуды жөн деп санадым, – дейді Смайылов.