Концертте жұрттың ашуына тиген әнші халықтан кешірім сұрады (видео)

0

Nurik Smit лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Ақтөбедегі концерті кезінде әдепсіз қылық көрсеткені үшін халықтан кешірім сұрады, деп жазады kznews.kz сайты.

Нұрғиса Әнуарбековтің концертінен үзінділер әлеуметтік желілерге таралып кетті. Ол жерден әншінің өзін дұрыс ұстамағаны аздай, түрлі боғауыз сөздерді айтқанын көруге болады. Мысалы, бір видеосында ол концертке келген әдемі бойжеткенге сәлем беріп, оған қолымен бейәдеп қылық көрсетеді.

Рэпер Instagram парақшасында халықтан кешірім сұрады.

«Менің есімім Нұрғиса. Мен қазіргі уақытта Ақтөбе тұрғындарынан және барша Қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. Мен сахнаға ішімдік ішіп алып шыққаным үшін және сахнаға шығып балағат сөздер айтқаным үшін, өзімді дұрыс ұстамағаным үшін кешірім сұраймын. Мұндай іс екінші қайталанбайды деп мен сіздерге сөз беремін. Бәріміз пендеміз, бәріміз қателесеміз, бәріміз қателіктен өсеміз. Баршаңызға көп рахмет», – деді ол.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.