«Көмуге асықпаңдар»: Дина Төлепберген елді елең еткізер мәлімдеме жасады

0

Дина Төлепберген көпшілікті мазалаған сауалға жауап берді. Ол «Астарлы ақиқат» жобасының ғұмыры жайлы айтты. Қазіргі уақытта басқа бағдарламаны қолға алған Дина «Астарлы ақиқат» кей органдарға кедергі келтіргенін меңзеді, деп хабарлайды кznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Астарлы ақиқат» жабылды ма? Осы сұрақты маған қоймаған жан жоқ шығар, сірә. Әсіресе, «AQ MAMA» атты жаңа жобам эфирге жол тартқалы елде тараған қауесет одан сайын үдеп кеткендей.

Астарлы ақиқат жобасы «КТК» телеарнасының бағдарламалар кестесінде тұр. Күнде өз уақытында көрсетіліп те жатыр. Қоғамдағы өткір мәселелер мен қиын тағдырлар жөнінде түсірілген бағдарламаларымыздың көрсетілер күні жақын деп сенгім келеді. Бірақ оны шешетін мен емес.

Бәлкім, «Астарлы ақиқаттай» қарымы мен қауқары мықты алып күш кей адамдарға, кей арналарға, кей органдарға кедергі келтірсе керек. Бұл менің субьективті ойым. Ал ақиқаты … ақтарылар. Сондықтан Астарлы ақиқатымды көмуге асықпаңдар. Мен өлген жоқпын. Тірлігім де өлмес.

Ал медиадағы «әріптестер» бізге ұқсауға талпынып жатқанда, біз, яғни @dinatolepbergenmedia жаңа форматтарды өмірге келтіріп жатырмыз. Соның бірі- «AQMAMA»

Өмір бір орында тұрмайды. Адам да шығармашылық аясын кеңейтуі керек. Бастысы- еліңе, ісіңе, өзіңе адал болу», -деп бөлісті Дина Төлепберген.