Комсомолдан Елбасыға дейін: Назарбаевтың мемуарлары жарыққа шықты

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың естеліктері бір кітапқа топтастырылған, деп хабарлайды Kznews.kz.
Кітаптың сатылымға шыққанын бұрынғы президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады. Кітап «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» деп аталады. Бұған дейін Orda.kz порталы кітапта экс-президент өзінің саяси және жеке өмірі туралы естеліктері жазылғанын хабарлаған. Мәселен, кітапта 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғалар, 2019 жылғы билік транзиті, сондай-ақ 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты мәліметтер келтірілген.
Сонымен қатар, кітапта Назарбаев екінші отбасы, Әсел Исабаева және екі ұлы барын мойындайды.
Кітап екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жазылған.
Бұған дейін Назарбаевтың соңғы мемлекеттік қызметі жойылғаны хабарланған болатын.
Былтыр парламент Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы туралы заңды жойған.