Композитор Ұлықпан Жолдасов немерелі болды

0

Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Света Айтбаева “Оян” таңғы ақпараттық сазды бағдарламасында қонақ болып, қазақтың ұлттық тағамдары туралы сыр шертті. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгіме арасында сазгер Ұлықпан Жолдасовтың немерелі болғанын да сүйіншіледі.

“Ұлтабар – қазақтың әдемі тағамдарының бірі. Малдың асқазанымен жалғасатын тұстағы қарнының бір бөлігі. Қазақ әрбір тағамға мән берген. Соның ішінде ұлтабарды ерекше құрметтеген. Әйелдерге тікелей қатысты болғасын, көбіне әйел адамдар жеген. Атының өзі де “ұлтабар” деп бекер қойылмаса керек?!. Ежелден біздің ұлт ер баланы жақсы көріп, басқалардан жоғары бағалаған. Ұл дүниеге келсе, атұстар, шаңыраққа ие болатын бала келді деп айтатын”, – деп түсіндірді.

Сондай-ақ әнші ұлтабар жеп, ұлды болған келіні туралы да айтты.

“Қаншама келініміз ұлтабар жеп, ұлды болып жатыр. Кеше тағы бір келін ұл тапты. Оны сіздер жақсы танисыздар. Бізге атұстарды дүниеге әкелген келін – Ұлықпан Жолдасовтың келіні. Ұлы Болат пен келіні Алтынай ұлды болып жатыр. Перзентханадан шығарып алуға барамыз”, – деп сүйіншіледі әнші.

Еске салайық, танымал сазгердің ұлы Болат Жолдасов екінші рет шаңырақ көтеріп, жақында үйленген болатын.

фото: ашықдереккөзден