Композитор Нұрлан Қаражігітов қайтыс болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Композитор Нұрлан Қаражігітовтің қайтыс болғанын Батырхан Шүкеновтің бұрынғы продюсері хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Бүгін 55 жасқа қараған шағында танымал музыкант, композитор Нұрлан Қаражігітов өмірден озды. Қаралы хабарды продюсер Олжас Байканов өзінің Facebook парақшасы арқылы жеткізді.

«Бауырымыз… Нұрлан Қаражігітовтан айырылдық. Ол еліміздің танымал музыканттарының бірі болды. Мейірімді, көңілді адам. Бауырым, біз сені ешқашан ұмытпаймыз», — деп жазды Байканов.

Нұрлан Қаражігітов 1964 жылы 20 маусымда дүниеге келді. 1992 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдады.

Оның жұбайы – продюссер, вокал педагогы Сұлтана Қаражігітова. Екеуі SuperStar.kz және X-Factor сияқты жобалардың қатысушыларын дайындады. Олардың ішінде Мақпал Исабекова, Алмас Кішкенбаев, Айқын, Диас Абылаев және тағы басқа әншілер бар.
2016 жылы Нұрлан Қаражігітов «үздік композитор» аталымында Еуразияның музыкалық сыйлығын алған болатын.



sputniknews.kz