Көмірге талас кезінде спортшыны өлтірген Семей тұрғыны сотталды

0

14 мамырда Семей соты дзюдошы Жасұлан Әбдиевті өлтірді деп айыпталған қала тұрғыны Мәулен Марленовті сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы қазақстандық Tengrinews.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Айыпталушы спортшының отбасына үш миллион теңге моральдық шығын төлеуі тиіс. Сот үкімі күшіне енген жоқ. Екі тараптың да апелляция сотына шағымдануға құқығы бар. Қаза тапқан Жасұлан Әбдиевтің жақындары сот үкімімен келіспейтіндерін, апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

2018 жылы 12 қарашада Семейде көмір кезегінде тұрған екі адам төбелесіп, біреуі қаза тапқан. Кейін мерт болған дзюдодан бірнеше халықаралық жарыстардың жүлдегері Жасұлан Әбиев екені анықталған. Бұл оқиға Қазақстан қоғамында шу туғызған.

Azattyq