Көмірдің бағасы орташа 5% -тен 21% процентке дейін арзандады — министр
Астана, BAQ.KZ. Министрліктің, тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының, барлық облыстың және республикалық маңызы бар қала әкімдіктерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде көмір сатушылармен меморандумдар жасалды.
Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған министр Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның айтуынша, Биыл 26-шы қарашадан бастап жасасқан меморандумдарды іске асыру аясында жылыту маусымының аяғына дейін Шұбаркөл көмірі орташа 15-20%-ке, Қаражыра көмірі 6%-ке арзан күйінде сақталады.
«Алматы облысында барлық 31 меморандумға қол қойылды, темір жол тұйықтарында «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 3100 теңгеге немесе 21%-ке төмендетілді, ал «Қаражыра» көмірі 1000 теңгеге немесе 5-6%-ке арзандатылды. Қостанай облысында барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 2950 теңгеге немесе 20%-ке төмендеген, ал «Қаражыра» көмірі 800 теңгеге немесе 5%-ке арзандатылған. Астана қаласында барлық меморандумдарға қол қойылды, «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 3000 теңгеге немесе 16%-ке төмендеді, ал «Қаражыра» көмірі 800 теңгеге немесе 5%-ке арзандады. Еліміздің қалған өңірлерінде де халыққа сатылатын көмірдің бағасы орташа 5% -тен 21% процентке дейін арзандады», — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Соңғы деректер бойынша биыл жыл басынан 20-шы желтоқсанға дейінгі аралықта еліміздің көмір өндіруші компаниялары 109,2 млн.тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде), бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 процентке (5 млн. тонна) артық.
«Энергия өндіруші кәсіпорындарға 56,4 млн. тонна көмір жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (54,4 млн.тонна) салыстырғанда 103,8 процентті құрайды. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 12,4 млн. тонна көмір жөнелтілді. Бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен (12 млн.тонна) салыстырғанда 103,3 процентті құрап отыр. Осы кезеңде 27,7 млн. тонна көмір экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (27,8 млн.тонна) салыстырғанда 99,5 процентті құрап отыр», — деді көмір өндіру қарқыны туралы айтқан министр.
2018 жылдың соңына дейін көмір өндіру көлемі шамамен 112 млн.тонна болады, деп күтілуде. Бұл 2017-ші жыдың көрсеткішімен салыстырғанда 5,3 млн. тоннаға артық. Биыл жылыту маусымы басталғаннан бері (1 мамыр-20 желтоқсан аралығында) теміржол көлігімен 46,8 млн. тонна көмір тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9 млн. тоннаға (4,2 % артық).
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ