Көмір шахтасында апат болды: зардап шеккендер бар

0
Көмір шахтасында апат болды: зардап шеккендер бар


Қытайдың шығысында шахтада апат болды.

Қытайдың көмір шахтасында апат болды. Барлығы 9 кенші шахтаға түскен. Нәтижесінде, 5 кенші мерт болған. Кеншілердің бірі жер астында қалып қойған. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын-ала деректер бойынша, 28-желтоқсан күні 9 кенші жер астына түскен, жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында ешқайсысының шахтадан шықпағаны белгілі болған.

Апат кезінде шахтада 9 адам болған. 3 адам құтқарылып, оның біреуі жарақат алған. Сондай-ақ, шахтадан 5 кеншінің денесін алып шыққан, ал тағы бір кенші әлі табылмаған. Апаттың себебі әлі белгісіз.