Көмір сатып алуға берілетін 44,5 мың теңгені қалай алуға болады

0
1143
Сурет: kaz.365info.kz

Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төленеді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік төлем 4 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын (шамамен 160 мың теңге) жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда басқа тұрғын үйі жоқ, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға және көп балалы отбасыларға жүргізіледі.

Өтемақы жылыту маусымына 16 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде жүргiзiледi ( 44 448 теңге). Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек қана бiреуiне берiледi.

Карантин шараларын сақтау мақсатында (15 қазаннан 30 сәуірге дейін) жылу беру кезеңінде әлеуметтік көмек алуға өтініш беруші электронды үкіметтің веб-порталы (egov.kz) арқылы келесі құжаттар қоса берілген өтінішпен жүгінуге болады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

3) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

4) зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер үшін, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі – мүгедектер үшін;

5) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама.

6) банктік шот туралы мәлімет.

Сұрақтарыңыз болса келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуыңызға болады:
– Филаретова Инна Юрьевна Алматы ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы – 8 702 158 08 53;

– Жанұзақова Құралай Серікқызы Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы – 8 705 468 50 01;

– Жүндібаева Нұргүл Қасымжанқызы Есіл ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы – 8 702 433 93 36;

– Станбаева Салтанат Дүйсенқызы Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы – 8 702 961 09 68.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз