«Көмектеспек түгіл, жағдай сұраспайды»: Әуелбекова ұлының әкесі жайлы айтты

0

Басымнан өткенді дұшпаныма да тілемеймін. Тілмен сөйлеу оңай. Басыңызға түссе, түсінерсіз. Алла жар болсын», – деп мәлімдеді әнші.

Мөлдірдің айтуынша, екінші жары Қуаныш қызымен көрісіп тұрады әрі көмектеседі.

Ал ұлының әкесі «көмектеспек түгіл, жағдай сұрамайды». Бүгінде Салтай әкесімен бір жылда бір көріседі екен.

Ал «хиджаб киіп, дін жолында жүрген әншіге екі рет ажырасу жараспайды» деп сынға алатындарға Мөлдірдің жауабы мынадай:

«Мен жетіскеннен, болмаса еріккеннен ажырамадым! Алла үшін де 100 рет татуласқанмын. Сол себепті енді ғана естідіңіздер. Әйтпесе ажырасқанымызға бір жылға таяп қалды! Осымен тақырып жабылсыншы, өтініш! Маған да оңай емес, рас».



Сондай-ақ Әуелбекова ерлі-зайыптылардың арасындағы сатқындыққа көзқарасы жайлы айтты.

«Бірде-бір әйел опасыздыққа жақсы қараймын деп айтады деп ойламаймын. Дегенмен ол ажырасуға үлкен себеп емес. Бұл – тек менің пікірім», – деді ол.

Оқырмандардың бірі өнерде жүрген қыздардың өмірде жолы болмайтынын меңзеген. Оған әнші:

«Өнерден бөлек ажырап жатқандар көп. Біз тек танымал болғандықтан, көзге тез түсіп, сөзге жылдам ілінеміз.
Мен, мысалы отбасым үшін өнерден кетудің амалын жасадым. Бірақ көп ұзамай, қайта шығуыма тура келді. Сол себепті көпке топырақ шашпайықшы, өтініш», – деп жауап берді.