«Көмектесіңдер» деп айқайлады: Шымкентте белгісіз ер адамдар бойжеткенді ұрлап әкетті (видео)

0

Шымкентте қыз ұрланды деген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Жазбаны, атап айтқанда, құқық қорғаушы, «Не молчи» зорлық-зомбылық құрбандарына көмек қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жариялады, деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Желіде жарияланған кадрлардан көлікті көруге болады. Көмекке шақырған дауыс естіледі. Куәгер әйел қауіпсіздік күзетін шақырамын деп белгісіз біреуді қорқытты. Содан кейін көлік белгісіз бағытқа қарай кетті.

«2021 жылы 29 наурызда әлеуметтік желіде белгісіз біреулердің азаматшаны күштеп көлікке отырғызып, Шымкент қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласында кетіп бара жатқаны туралы видео таратылды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп түсініктеме берді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Оқиға ғимараттардың біріндегі бейне бақылау камерасына түсіп қалған.

«Бейнежазба алынды және зерттелді. Сондай-ақ жақын маңдағы үйлердің тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді», — дейді полиция.

Осы оқиғаны телефонға түсірген әйелден жауап алынды. Полиция жедел іс-шаралар жүргізуде.

Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша заңсыз бас бостандығынан айыруы, мүлкін тәркілеумен немесе онсыз бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.