Көлсайға ұзындығы 1500 метрлік талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды

0

Көлсайға келген туристер енді фотосуреттерін тікелей әлеуметтік желіге жариялауға мүмкіндік алды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Туристер көп келетін, табиғатына тамсанатын аймақтың бірі – Көлсай көлдері. Сұлулығы бар жанарды жаулайтын жауһар мекенде бұдан былай ғаламтор мәселесі шешімін таппақ.
Жауаптылардың айтуынша, Freedom Telecom өзінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында көлге жақын аумақтарды жоғары жылдамдықты қоғамдық Wi-Fi желісімен жабдықтады. Спутниктік байланыс арнасы бар базалық станция жоғарғы тұрақта орналасқан.

Жоба аймақтың жоғарғы аудандарындағы жарықтандыру бағаналарына кіру нүктелерін орнатуды қарастырады. Төменгі бөлігі қоршаулармен және кіру нүктелері үшін кіріктірілген тіректермен байланыспен жабылады. Бұл мейрамхана мен пирстің жанында интернетті пайдалана алуды білдіреді.

Талшықты-оптикалық байланыс желісінің жалпы ұзындығы 1500 метрді құрады.

Алматы облысының әкімдігі мен Freedom Telecom арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, оның аясында өңірдегі әрбір елді-мекенге жоғары жылдамдықты интернетті тарту жоспарлануда.