Колледж студенттері есірткіге жарнама жасап жүрген

0

Есірткі және психотроптық заттардың таралуын болдырмау және алдын алу мақсатында «Допинг» алдын-алу іс-шарасы қала бойынша жүзеге асырылуда. «Біздің бөлімнің қызметкерлері «Скорость – Papa Hais Operator» деген жазбалар жазып, есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз жарнамасын қолданғаны үшін колледждің үш студенті ұстады.  Әуезов ауданында тұрғын үй ғимараттарының қабырғаларында есірткі және психотроптық заттарға трафеттер және қара бояудың көмегімен жарнама жасаған. Студенттерге әрбір жазба үшін 500 теңге және одан да жоғары төлейміз деп уәде берген. Заңнамаға сәйкес «суретшілер» жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады Алматы қалалық ПД Есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ерлан Алмағамбетов.

Сонымен қатар, қала полициясы азаматтарды есірткі саудагерлерінің әрекеттері мен жарнамаларына және ата-аналарына балаларының бос уақытын мұқият бақылауға шақырады. Күдікті тұлғалардың кез-келген заңсыз әрі күдікті іс-әрекеттерін байқасаңыздар есірткіге қарсы күрес бөлімінің жұмыс тобына мына нөмірлер арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 708 300 0611; +7 776 088 8820.

Алматы қаласы ПД Баспасөз қызметі

«Қамшы» сілтейді