Көлікті бес минуттан көп қыздырғандар айыппұл төлемейді — депутат
Депутаттар автокөлікті бес минуттан артық жылытқаны үшін айыппұл жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы «Аманат»партиясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев өзінің депутаттық сауалында машинаны бес минуттан артық жылытқаны үшін айыппұлдың күшін жоюды талап еткен болатын.
Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха жол қозғалысы туралы заңдағы бес минуттық норма «аялдама» және «тұрақ» ұғымдарын шектейтінін түсіндірді.
Депутат Бақытжан Базарбек «қыздыру айыппұлының айналасындағы шу – бұл мемлекеттік органдардың қателігі» деп атап өтті.
Фото: Depositphotos.com