Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға болмайды деген ережені қазақстандықтар әзілге айналдырды (видео)

0

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары азаматқа көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлды заңсыз деп таныған еді. Дегенмен бұл мәселе бір облыстың шегінен шығып, бүкіл Қазақстанға тарады. Тіпті әлеуметтік желіде түрлі әзілдер мен мемдер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сенат депутаты Марат Қожаевтың айтуынша, бұл норма бұрыннан бар. Бірақ көлікті ұзақ уақыт қыздырғаны үшін айыппұл салу тақырыбы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Осы мәселе желілердің барлық ақпараттық кеңістігін жаулап алды.

Мысалы, видеолардың бірінде «Кальмар ойыны» телехикаясы Қазақстанда түсірілсе, көлікті 5 минутта қыздыру ойындардың біріне қосылар еді делінген.

Мәліметке сәйкес, көлігіңізді 5 минуттан артық қыздырғаныңыз полицияға видео дәлелдер арқылы  ұсынылса ғана, айыппұл арқалайсыз.

Интернетте мұндай бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарға «Андрюшалар» деген лақап ат берілген. Бұл лақап аттың ұсынылу себебі белгісіз. Бірақ бір нұсқаға сәйкес, бұл көліктің 5 минуттан артық қыздырылуына шағымданған алғашқы қазақстандықтың есімі.