Көлік тізгіндеген Төреғалидің қарындасы бала кезінде рөлге отырғанын мойындады — Қазақстан жаңалықтары
Төреғали Төреәлі 16 жасқа толған қарындасына қымбат көлік сыйлап, елді шулатты. Кәмілеттік жасқа толмаған қыздың мұндай сыйға ие болуын көпшілік дұрыс түсінбей, сынға алды.
31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында Дина Төреәлі 3-сыныпта оқып жүрген кезінде-ақ көлік рөліне отырғанын мойындады, деп жазады Stan.kz.
«Оның алдында көлік айдау білетінмін. Бірақ алғашқы жеке меншік көлігім осы болды.
Құжат жоқ, әлі қалаға шыққан жоқпын. Бұйырса 18 жасқа толғаннан кейін төлқұжат алып, айдаймын.
Негізі үшінші сыныпта оқып жүрген кезімнен айдаймын, әкем үйреткен. Сол үшін ешқандай қорқыныш жоқ, үйреншікті», — дейді Төреғалидің кіші қарындасы Дина.
stan.kz