Көлік апатынан 2 адам мерт болып, 6 адам зардап шекті

0
Көлік апатынан 2 адам мерт болып, 6 адам зардап шекті


Алматы-Өскемен  тас жолының 349 шақырымында кеше екі көліктің соқтығысуы салдарынан 2 адам адам қаза тапты.

Тағы  6 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көлік апаты Ақсу ауданына қарасты Сағабүйен ауылының маңында болған.

«Екі адам көз жұмды. Біреуі оқиға орнында, екіншісі ауруханада. Жалпы екі көлікте төрт-төрттен 8 адам болған. 6 жолаушының барлығы ауруханаға түсті. Екеуі Ақсу ауданындағы, қалған 4-еуі облыстық ауруханаға жеткізілді», — деді Ақсу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Құрмет Досжанова.

Айта кету керек, жол-көлік оқиғасында «Mitsubishi space wagon» және «toyota camry» машиналары соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, көлік апатына ауа-райының қолайсыздығы әсер еткен. «Mitsubishi space wagon» көлігінің жүргізушісі  рульге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетіп,  «toyota camry» көлігіне соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, «toyota camry» көлігінің алдында отырған 1963 жылғы жолаушы тіл тартпай