Көлігіне мінген жолаушыдан коронавирус жұқтырған такси жүргізушісі көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0

Лондонда Uber жүргізушісі жолаушыдан вирус жұқтырды. Көлігіне мінген жолаушы бірнеше рет жөтелгеннен кейін такси жүргізушісі де ауруға шалдықты.

Бұл туралы Daily Star хабарлады.

Айуб Ахтар 33 жаста, Uber жүргізушісі болып жұмыс істеді, дені сау және денсаулығы жақсы еді. Оның көлігіне отырған бір жолаушы жиі-жиі жөтеле берді. Бұған алаңдаған таксист бұл туралы отбасына айтты. Бірнеше күннен кейін Ахтар коронавирустық инфекция белгілеріне ұқсас жағдаймен ауырды.

Ахтардың ағасы Яссер бауырынң түнде тыныс ала алмай жөтеліп жатқанын естігенін айтты. Оның жағдайы нашарлай берді. Ахтар өздігінен тыныс ала алмай, ауруханаға түсті. 3 сәуірде ол ауруханада қайтыс болды.

Ол қайтыс болғанға дейін отбасына хабарлама жіберіп, өзінің қорқып жатқанын, отбасынан өзі үшін дұға етуін өтінді.

Исламдық дәстүр бойынша, марқұмның денесі бір-екі күнде жерленуі керек. Бірақ коронавирустың таралу қаупі бар қазіргі жағдайға байланысты отбасы Ахтардың денесін әлі көрмеген.

stan.kz