Көлгінов Нұр-Сұлтандағы блок-бекеттер қашан алынатынын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қаланың сыртындағы блок-бекеттер мамырдың соңына дейін алынбайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мамырдың соңына дейін блок-бекеттер алынбайды. Айдың соңына тама бұл туралы тағы да хабарлаймыз. Жағдай бақылауда», — деді әкім. 

Бұған қоса ол айдың соңына дейін облыс аумағында жүретін автобустардың қатынасы әлі жанданбайтынын атап өтті. 

«Егер қаладағы эпидемиялогиялық жағдай тұрақталса, маусымнан бастап облыстық автобустарды жүргіземіз», -деп қосты Көлгінов. 

Елорда әкімі қалада спортпен шұғылдануға рұқсат берілгенін, дегенмен жаттығу залдары әлі жабық екенін ескерді. 

«Дәрігерлер фитнес орталықтарды ашуға кеңес бермейді. Бұл мәселеге де кейінірек ораламыз», — деді шенеунік.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі қаладағы балабақшалардың жұмысына тоқталып өткен еді. 

 

stan.kz