Көлгінов: Карантин коменданттық сағат емес — Қазақстан жаңалықтары

0

Карантин коменданттық сағат емес. Мұндай мәлімдемені Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтанның әкiмi қанша жалақы алады

«Сіздерді коменданттық сағат пен карантинді шатастырмауларыңызды сұраймын. Себебі карантин кезінде тұрғындардың емін-еркін жүріп тұруына шектеу қойылады. Біз сіздерді тәртіпті сақтауға шақырамыз», — деп мәлімдеді елорда әкімі. 

Сөзінше, қаланың шет аймақтарындағы бақылау, ал қаланың ішіндегі дезинфекциялық және санитарлық шаралар күшейтіледі. 

Сондай-ақ қалаларалық автобустардың жүруіне шектеу қойылмақ. 

«Автобекеттерде қалааралық автобустардың жүруіне тыйым салынады. Олардың қалаға кіруіне де шектеу қойылады. Инфекция жұғуы мүмкін деген адамдарды тексеретін қосымша пунктер ұйымдастырылады», — деп қосты Көлгінов. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланғаны айтылған еді.

 

stan.kz