Көлгінов: Карантин коменданттық сағат емес — Қазақстан жаңалықтары
Карантин коменданттық сағат емес. Мұндай мәлімдемені Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Сіздерді коменданттық сағат пен карантинді шатастырмауларыңызды сұраймын. Себебі карантин кезінде тұрғындардың емін-еркін жүріп тұруына шектеу қойылады. Біз сіздерді тәртіпті сақтауға шақырамыз», — деп мәлімдеді елорда әкімі.
Сөзінше, қаланың шет аймақтарындағы бақылау, ал қаланың ішіндегі дезинфекциялық және санитарлық шаралар күшейтіледі.
Сондай-ақ қалаларалық автобустардың жүруіне шектеу қойылмақ.
«Автобекеттерде қалааралық автобустардың жүруіне тыйым салынады. Олардың қалаға кіруіне де шектеу қойылады. Инфекция жұғуы мүмкін деген адамдарды тексеретін қосымша пунктер ұйымдастырылады», — деп қосты Көлгінов.
Еске салайық, бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланғаны айтылған еді.
stan.kz