«Көлгінов 20%»: экс-әкім сұрақ қойған журналиске кейіп тастады

0

6 маусымда вице-премьер Алтай Көлгіновке журналистердің  бірі  «Көлгінов 20%»деген лақап атты естідіңіз бе?» деген сұрақ қойды. 20% — дық көрсеткіш әкімнің Мемлекеттік сатып алулар бойынша мәмілелерден алатын болжамды кері қайтаруларымен байланысты екен.

Вице-премьер баспасөз өкілінің сұрағын «айыптау» деп, ол үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін еске салды.

«Бұл атақтарды маған іліп қоюдың қажеті жоқ. Бұл үшін Сіз жауап бересіз. Мен кейбір әкімдерді қандай жағдайда осылай атайтынын білемін. Бұл айыптау, Сіз мемлекеттік қызметкерді қоғамдық орында айыптап тұрсыз, — деді Көлгінов Үкімет отырысының аясында.

Ол сондай-ақ Астана әкімі ретіндегі міндеттерін адал атқарғаны туралы мәлімдеді.

«Мемлекеттік қызметшілерге қатысты мұндай шабуылдар тапсырыспен де орын алып жатады. Мен әкім ретінде, әріптестеріммен бірге тұрғындарымыздың мүддесі үшін адал жұмыс істедім. Мен өз жұмысымнан тартынбаймын», — деп толықтырды шенеунік.

фото: inbusiness.kz