Көктөбе баурайы өртеніп жатыр

0

Алматыда Көктөбе баурайы өртеніп жатыр деп хабарлады қалалық төтенше жағдай департаменті.

«Көктөбедегі өртті сөндіріп жатырмыз. 30 адам жұмыс істеп жатыр, алты техника, су тасығыш машина жұмылдырылған. Ойлы-қырлы аумақ, жел мен өрт шыққан жердің биікте орналасуы жағдайды қиындатып отыр. Техника бармайды. Жаяу жұмыс істеп жатырмыз. Жеке сектормен түйіскен тұсына ерекше назар аударамыз. Әуеге тікұшақ ұшырдық» деп жазды департамент бастығы Серік Әубәкіров Facebook-тағы парақшасында.

Алдын ала дерек бойынша, өрт аумағы бір гектар жер. Өрт шыққаны туралы ақпарат 101 қызметіне 11 тамызда Нұр-Сұлтан уақытымен 14.28-де түскен.

Azattyq