Көктегі «Wizz Air» ұшағына найзағай түсті

0
Көктегі «Wizz Air» ұшағына найзағай түсті


Венгриялық «Wizz Air» ұшағына көкте найзағай түскен.

Найзағай Польшадан Норвегияға ұшатын Венгриялық Wizz Air авиакомпаниясының ұшағына түскен. Оқиға бейсенбі күні болған. Гданьск – Ставангер(Норвегия)  бағытындағы ұшаққа көктен найзағай түскен.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын сақтай отырып, ұшақ Гданьскіге қайтарылды, қонуға қиындықсыз өтті», — делінген хабарламада. 

Жолаушылар ұшағы Wizz Air авиакомпаниясына тиесілі. Әуе кемелері штаттық тәртіпте жүзеге асырылды. Оқиғаның нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ.