Көктайғаққа байланысты Атырау — Астрахан күре жолы жабылды

2018 жылғы 25 желтоқсан 09:09 177

АТЫРАУ. ҚазАқпарат — Көктайғаққа байланысты Атырау — Астрахан күре жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарға қарағанда, Атырауды Ресейдің Астрахан облысымен байланыстыратын жолдың барлығы көліктің барлық түрі үшін жабылған. Себебі — көктайғақ.
Еске сала кетейік, Қазақстан-Ресей шекарасында жауған жаңбырдан кейін күн күрт суытып, жол мұз қатқан болатын.
Бұған дейін ауа райының қолайсыздықтарына байланысты Астана мен Қазақстанның бес облысында жолдар жабылғаны туралы хабарланған еді.
Автор: А. Соколов
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz