Көкшетаулық әйел баласын алып, бесінші қабаттан секірмекші болған (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Көкшетауда 36 жастағы әйел балысын көтеріп алып, 5 ақабаттан секіріп кетпекші болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

суицид

Бұл туралы Ақмола облысының ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Өзіне қол салмақ болған әйелді баласымен бірге аман алып қалу үшін құтақрушылар көп қабатты үйдің төбесінен арқанмен түскен. 

«Құтқарушылар альпинистік жарақтың көмегімен білдіртпей үйдің шатырынан түсіп, әйел мен оның баласын құтқарып қалды. Көкшетау қалалық құтқару бөлімшесінің басшысы Роман Шевченко әйелді баласымен бірге ұстап тұрғанда оның әріптесті Нұрхан Ашимғалиев пәтердің есігін ашты. Кейін 1984 жылғы әйел мен баласы полиция және жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», – деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Алексей Советов.

Департамент өкілдері оқиға орын алған сәтте әйелдің үйінде тағы бір бала болғаны жайлы айтып кетті. 

«Ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген ресми хабарламада. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз