Көкшетауда жаңажылдық шыршаның шамдары жағылды

0

2018 жылғы 27 желтоқсан 23:08 156

Көкшетауда жаңажылдық шыршаның шамдары жағылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда Абылай хан алаңында орнатылған жаңажылдық басты шыршаның шамдары жағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік шараны тамашалауға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды.

Жиналғандарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин құттықтады.

«Жаңа жыл – балалар мен ересектер күтетін мереке. Олардың әрқайсысы Жаңа жылда ғажайып болады деп үміттенеді. Бұл мерекенің басты нышаны – шырша. Бүгін біз дәстүрлі түрде оның шамдарын жағу үшін жиналып отырмыз. Ескі жылды жақсы нәтижелермен қорытындыладық. Барлығымыз бірге жақсы жетістіктерге қол жеткіздік және келер жылға өте үлкен жоспарларымыз бар», – деді облыс басшысы. 

Аймақ басшысының құттықтау сөзінен кейін шырша шамдары жағылып, аспанға түрлі түсті отшашу атылды. Абылай хан алаңына салынған мұз қалашығы осы күндері көкшетаулықтардың баратын ең сүйікті орнына айналып отыр.

Көкшетауда жаңажылдық шыршаның шамдары жағылды

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз