Көкшетауда үш жігіт жолды бөгеп, жүргізушіні көліктен шығарып соққыға жыққан

0
1234

Көкшетауда жолда кетіп бара жатқан көлік өздерінен басып озғаны үшін оны тоқтатып, соққыға жыққан. Бұл туралы KzNews Ақмола облысы ПД сілтеме жасап хабарлайды.

«Ағымдағы жылғы 31 наурызда түнгі сағат 02.34-те Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 24 жастағы тұрғынынан телефон қоңырауы келіп түсті, белгісіз жастар «Шейх» СҮ жанында танысына дене жарақатын салғанын хабарлады».

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальонының Әскер – 9 және Әскер-3 экипажының қызметкерлері қақтығыс болған жерде мас күйінде болған 22 және 24 жастағы Көкшетау қаласының үш тұрғынын ұстады. Полицейлер алдымен қаскүнемдерді медициналық куәландыруды жүргізу үшін облыстық наркологиялық орталыққа жеткізді, кейін оларды жедел-тергеу тобына берді.

20 жастағы жәбірленушіні қудалау барысында қаскүнемдер өз автомобилінде автокөлік жүргізушісіне жолды бөгеп, жас жігітті көліктен күштеп шығарып, оған дене жарақатын салғаны анықталды. Сонымен қатар, бұзақылар жәбірленушінің көлігінің алдыңғы және артқы әйнегін сындырған.

Қаскүнемдер өздерінің бұзақылық әрекеттерінің себебін олардың пікірінше, жәбірленуші олардың автокөлігін басып озып, жолын «кесті» деп ақталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды: «келу міндеттемесі».