Көкшетауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ТЖ режиміне қарамастан моншада демалған — Қазақстан жаңалықтары

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің лауазымды тұлғалары төтенше жағдай режиміне қарамастан Көкшетау қаласындағы моншалардың бірінде демалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

монша

Әлеуметтік желілерде полиция жүргізген рейд кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілердің моншада демалып отырған жерінде ұсталғаны түсірілген видео тарады. Олар өз әрекетін «аздап дем алу керек болды» деп түсіндірген.

 

Полиция 18 сәуірде сағат 22:30-да рейд жүргізген. Олар «Избушка» монша кешені төтенше жағдай режимін бұзғанын анықтаған.

«Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша «Избушка» монша кешенінің 30 жастағы иесі, сондай-ақ клиенттері, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген Ақмола облысының полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қалған бұзушыларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

«Карантин режимінің талаптары облыстың барлық тұрғындарына қатысты», — деп атап өтті полицияда.

 



stan.kz