Көкшетауда су тасқынынан кейін 15 отбасы әкімдік берген қонақ үйді паналап жүр (фото) — Қазақстан жаңалықтары

0

Қылшақты өзенінен келген тасқыннан кейін 15 отбасы қазіргі таңда әкімдік берген қонақүйді паналап жүр. Өйткені баспаналары су астында қалып, үйдегі мүліктерінің сау тымтығы қалмаған. Еден мен қабырғалары опырылып, үйімізде тұру мүмкін емес деп отыр күйінген тұрғындар. Бұған олар дер кезінде әрекет етпеген жергілікті басшыларды кінәлап отыр.

Көкшетауда су тасқынынан кейін 15 отбасы әкімдік берген қонақ үйді паналап жүр

«Мына киімдермен көшеге қалай шығасын? Сасып кеткен. Мен мысалы екінші тәулік бойы ұйықтамай жүрмін. Дұрыс ұйықтайтын жер жоқ. Бала-шағамды туысқандарымның үйіне жібердім. Біздің аумақта су ағатын арықтар жоқ. Салдарынан, қырдың суы үйімізге кірді», – дейді тасқыннан зардап шеккен Жұмабек Әбілов.

Көкшетауда су тасқынынан кейін 15 отбасы әкімдік берген қонақ үйді паналап жүр

Көкшетауда су тасқынынан кейін 15 отбасы әкімдік берген қонақ үйді паналап жүр

«Түнде су басқанда не істерімізді білмей абдырап қалдық. Құр халатпен, жалаң аяқ бала-шағамды алып көшеге қарай жүгірдік. Тұрмыстық техника мен барлық қажетті заттарымыз суға кетті. Бүгін келіп қарағанымда жарамды ештеңе таппадым»,  — дейді топаннан есеңгіреп қалған тағы бір тұрғын Татьяна Никулина.

Көкшетауда су тасқынынан кейін 15 отбасы әкімдік берген қонақ үйді паналап жүр

Ашынған тұрғындар базынасын жеткізу үшін әкімдікке барды. Бүгін ғана тағайындалған су жаңа әкім Амангелді Смаилов азаматтарға бүлінген үйлеріне кептіру және жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, биыл қауіпті аумақта қалған бұл үйлердің сүрілетіндігін айтты.

Көкшетауда су тасқынынан кейін 15 отбасы әкімдік берген қонақ үйді паналап жүр

«Суға кеткен үйлер сүрілетін болады. Ол аумаққа жол жүргізіліп, көпқабатты үйлер тұрғызамыз. Үйлерді сатып алу үшін  бағалау жұмыстарын жүргіземіз. Сондықтан құжаттарыңызды қалыпқа келтіріңіздер», — деп кеңесін білдірді қала әкімі базынашыларға.

Көкшетауда су тасқынынан кейін 15 отбасы әкімдік берген қонақ үйді паналап жүр

Көкшетауға қатты нөпірмен ағылған мол су қаладан 30 шақырым жердегі Кенесары ауылындағы тоғанның жарылуынан болып отыр.

«Негізінде бұл тоған республикалық «Қазводхоз» мекемесінің меншігінде. Енді сондағылар биылғы жылы күрделі жөндеу жүргізу үшін құжаттар дайындап жатыр», – дейді Кенесары ауылының әкімі Әлімжан Ахметов.

Көкшетауда су тасқынынан кейін 15 отбасы әкімдік берген қонақ үйді паналап жүр

Көкшетауда су тасқынынан кейін 15 отбасы әкімдік берген қонақ үйді паналап жүр

Кешегі күні жергілікті әкімдік те, төтенше жағдай қызметі де Кенесары ауылындағы тоғанды жарып өтіп, Қылшақты өзені арқылы Көкшетауға қарай беттеген тасқынның деңгейі 80 см дейін түсті деп, тұрғындарды жұбатып хабарламалар таратқан еді. Тым сенімді болып, жайбарақаттылықпен алдын ала шара қолданған жоқ. Енді міне түн жамыла қалаға лап берген тасқын тұрғындарды жіпсіз байлап тастап, айтарлықтай шығын келтірді.

Қызыл су маңайдағы 5 көп қабатты үй мен 5 жер үйге жайылды. Сондай-ақ, бірнеше кәсіпорынның ауласын көлге айналдырды. Екі мектептің ауласына да кірген. Көпірге шығар жол уақытша жабылды.

Көкшетауда су тасқынынан кейін 15 отбасы әкімдік берген қонақ үйді паналап жүр

«Мына жерде қызым тұрады, мына үйде ұлым тұрады. Жұмысқа бара алмай жатыр. Сондай кедергілер келтіріп жатыр. Уақытында дамбаларды ашпайды басшылар. Содан осылай болып жатыр», — дейді көпқабатты үйде тұратын ақсақал Болат Нұртазин.

Мамандар су деңгейін бақылауда ұстап отырмыз дейді. Төтенше жағдай департаментінің мәліметі сүйенсек, Көкшетау қаласы бойынша қауіптіліктің қызыл деңгейіне 600 ге жуық нысан ілігіп отыр.

Ал жаңа әкімнің айтуынша, үйлерді қалыпқа келтіргенше зардап шеккендер  қонақ үйде тұра береді. Оқушылардың суға кеткен оқулықтары жаңартылады. Сондай-ақ, 75 мың теңге көлемінде әр отбасыға өтемақы беріледі. Өзге де  көмек беру жағы қарастырылатын болады.

Көкшетауда су тасқынынан кейін 15 отбасы әкімдік берген қонақ үйді паналап жүр

Көкшетауда су тасқынынан кейін 15 отбасы әкімдік берген қонақ үйді паналап жүр

Ерболат Асылбеков арнайы Stan.kz үшін.

stan.kz