Көкшетауда мұздан Димаш Құдайбергеннің мүсіні жасалды

0

2018 жылғы 23 желтоқсан 18:04 330

Көкшетауда мұздан Димаш Құдайбергеннің мүсіні жасалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласының мұз қалашығында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұздан жасалған композицияның алдыңғы бөлігінде микрофон ұстаған Димаштың мүсіні тұр. Ал оның артында қанаттарын жайған аққулар бейнеленген.

Композиция авторы көкшетаулық белгілі суретшісі және мүсінші Манарбек Бұрмағанов.

«Әншінің шығармашылығынан, әсіресе оның Ресейде орындаған «Қалжыраған аққулардың сезімі» әнінен шабыт алған Манарбек Бұрмағанов Көкшетауда осындай мүсін жасауды шешті. Идея жергілікті деңгейде қолдау тапты. Манарбек халықаралық байқауларға үнемі қатысып тұрады. Өткен жылы шақырту бойынша Ресейде жұмыс істеді. Бірнеше рет Алматыда мүсіндер жасады», – деді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Юрий Попов.

Еске салайық, жуырда Димаш Құдайберген Мәскеудегі Кремль сахнасында және «НТВ» арнасының «Орталық телевидение» бағдарламасында «Қалжыраған аққулардың сезімі» әнін орындаған болатын.

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз