Көкшетауда Елбасы туралы кітап жарық көрді
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Көкшетауда «Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан Тұңғыш!» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кітаптың авторы – белгілі журналист, драматург, қоғам және саясат қайраткері, 5-ші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев.
Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жарық көрген кітап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметіне арналды.
Бұл маңызды оқиғаны жазушымен бөлісуге оның әріптестері, өңірдің шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері келді.
Жабал Ерғалиевті облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің атынан орынбасары Айна Мысырәлімова құттықтап, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен мемлекет басшысының тағдыры – барлық халықтың тағдыры екенін атап өтті.
488 беттік басылым үш бөліктен тұрады. Біріншісі Ерғалиевтің мақалалары. Екінші тарауда – мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен қазіргі заманғы Қазақстанның тарихындағы жарқын кезеңдердің бірі бейнеленген. Олардың ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында, Әлемдік діндер съездерін ұйымдастыруда, Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінде сөйлеген сөздері бар.
Автор өз кітабында Қазақстан халқына Жолдаудың маңыздылығын, биліктің алдында тұрған міндеттерді және осы бағдарламалық құжатты жүзеге асырудың қоғамға және экономикаға әкелетін артықшылықтарын көрсетті. Кітаптың үшінші бөлімі — халық пен Елбасы туралы ойлар мен пікірлер
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ