Көкшетауда әйел адам пойыз астына түсіп, мерт болды
Оқиға 23 желтоқсан күні кешкі сағат 19.00 шамасында болды
Ақмола облысында жан түршігерлік оқиға болды. Макинск қаласында туған күніне бірнеше апта қалғанда әйел адамды пойыз қағып кетті. Бұл туралы Kznews.kz агенттігі Nayzakokshe басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 23 желтоқсанда кешкі сағат 19.00 шамасында болған. Бұланды аудандық полиция бөліміне №327 «Қарағанды-Қостанай» жолаушылар пойызының машинисті шұғыл тежеу туралы шешім қабылдағаны туралы теміржол вокзалының кезекшісінен телефон хабарламасы келіп түсті.
Анықталғандай, белгісіз әйел пойыз астына секіріп кетіп, мерт болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенмен, әйел адам алған жарақатынан тіл тартпай кетті.
«Куәгерлердің айтуынша, 36 жастағы әйел пойыз астына өзі секірген. Ол бірнеше аптадан кейін болатын туған күніне жете алған жоқ», — делінген хабарламада.