Home Жаңалықтар Көкшетау тұрғыны «әйелін» аяусыз ұрып, қабырғасын сындырды

Көкшетау тұрғыны «әйелін» аяусыз ұрып, қабырғасын сындырды

0
195
Сурет: kharkov.comments.ua

Көкшетау тұрғыны азаматтық некедегі әйелін аяусыз ұрып-соққан. Нәтижесінде 51 жастағы әйелдің қабырғасы сынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 наурызда болған. Көкшетау ҚП кезекші бөліміне қалалық аурухананың медбикесінен қабылдау бөліміне қабырғасы көлденең сынған 51 жастағы әйелдің жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар пәтерде жанжалдасқан. Екеуі де мас болып, жанжал кезінде ер адам әйелге физикалық зорлық-зомбылықпен қорқыта бастаған. Содан кейін ол әйелді бірнеше рет ұрып, оның қабырғасын сындырған.

Ер адам өз кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Құқық бұзылған жағдайда өтініш беру маңызды. Уақытылы шағымдану ауыр қылмыстың алдын алады. Мысалы, тұрмыстық жанжалды алайық. Қазақ қоғамында әйел адамның отбасылық қиындықтарға шыдамды болуы керек деген пікір бар. Осыған байланысты кейбір әйелдер күйеулері ұрса да шыдайды. Алайда, мұндай әрекеттердің ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ұмытпау керек», – деп полицейлер.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету