«Көкпарға мінерсіз»: Төреғали Төреәлі дзюдошы Елдос Сметовке ат мінгізді

0

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметовке жылқы мінгізді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі спортшы алтын алған күні ауырып қалып, жөнді құттықтай алмағанын жеткізді.

“Алтын алтын емес, сен – алтынсың” деп әндетіп тұрмын. Париж Олимпиадасында топ жарған Елдосты да құттықтай алмадым. Сол кезде қатты ауырып қалған едім. Асықпай құттықтаймыз. Олимпиадаға кетіп бара жатқан кезде бірге шай ішіп, бата қылып едік. Соны Құдай қабыл еткен екен. Кетіп бара жатқан кезде ағаларым берген аты бар еді, мықты аттың төлі. Соны сол жерде беремін деп отыр едім, ол Шымкентке жетпей қойды. Содан кеткеннен кейін өзіне «жаңа бере алмай қалдым» деп жазып жібердім. Ұлдарыңыздың алып келген алтын медалі құтты болсын. Өте қатты қуаныштымыз», – деді әнші.

Сондай-ақ әнші спортшының жеке телефонына хабарлама жазып жібергенін де көрсетті.

“Алла бере салған Елдосым! Мынау сізге атаған тұлпарым болсын! Сіз кетемін дегенше Шымға жетіп болмаған соң айта алмап ем. Көкпарға тойға мінерсіз! Тұлпарыңыз салым сала берсін, өзіңіз алтындар ала беріңіз, досым! Кез келген уақытта, қашан алып кетемін десеңіз де, Шымкентте дайын тұр. Құт болсын! Алтын адамсыз ғой!», – деп жазған Төреғали Төреәлі.

Фото: https://www.instagram.com/toregalitoreali/

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты жанкүйерлері күтіп алғанын жазған едік.