Көк Жайлауда сауық кешін ұйымдастырғандарға қатаң шаралар қолданылады

0
67

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қала әкімі полиция департаментінің басшысына тиісті тергеу жүргізіп, кінәлі тұлғаларды жазалауды тапсырды

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов карантин кезінде Көк Жайлауда өткен жаппай сауық кешіне қатысты түсініктеме берді.

«Бұл жол беруге болмайтын жағдай. Қандай да бір шара өткізуден бұрын ол жерге кіруге де тыйым салынған. Ол жерде болған адамдар өздерінің ғана емес, жан-жағындағылардың да өмірін өлімге тікті. Сондай-ақ, олар тауда қоқыстарын қалдырып кетті. Ол шараға рұқсат берілмеген, санитарлық норма сақталмаған», – деді ол брифинг барысында.

Сонымен қатар Қожағапанов Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салатын қаулысы бар екенін атап өтті.

«Аталған адамдарға қатысты қала әкімі полиция департаментінің басшысына тиісті тергеу жүргізуге нақты тапсырма берді. Олардың барлығын анықтап, әкімшілік жаза, қажет болса, қылмыстық жаза қолдану керек», – деді ол.

Сонымен қатар қала прокуроры табиғатты қорғау прокурорына осы жағдайды шешу жөнінде тапсырма берді.

Бұған дейін экология министрлігі Алматыдағы Көк Жайлау тауында сауық кешін өткізгендерге 100 АЕК немесе 277 800 теңге айыппұл салынғанын хабарлады. Айыппұл салынған ер адам автокөлік жанында түскен фотосын әлеуметтік желіге жүктеген болатын.

Карантин кезінде Алматы тауларындағы сауық кеші

24 мамырда Алматы қаласында енгізілген карантинге қарамастан, ерекше қорғалатын аумақта азаматтар ойын-сауық кеші мен түнгі кино көрсетілім ұйымдастырған. Қазіргі кезде «Көк Жайлаудағы кино түнін» ұйымдастырушылар іздестіріліп жатыр.

О



sputniknews.kz