Көк түтіннен көз ашпадық: Астана тағы да қою түтіннің астында қалды (фото) — новости Казахстана
Астанада жел саябырсып, күн ашыла қалса болғаны қала тұтасымен қою түтіннің құрсауында қалады. Бас шаһарды кешелі бері тағы да көк түтін басып қалды деп жазады NUR.KZ.
Қара түтін әсіресе от көп жағатын жер үйлері бар ықшам аудандарда басып қалады. Бүгін де таңнан бастап қою түтін сейілмей, қала тұрғындарын әуреге түсірді.
«Жұмысқа осылай түтіннің иісімен бұрқырап барамыз. «Юго-восток» жақта тұрамыз. Жел жоқ, тынық күндері үйдің терезесін ашу мүмкін емес. Ыстың иісі сырт киімімізге сіңіп қалған, әбден тұншығатын болдық. Тездетіп газ тартылса екен деп отырмыз», — дейді қала тұрғындарының бірі.
Айта кетерлігі, бұған дейін де қала бірнеше мәрте көк түтіннің құрсауында қалған еді. Қала билігі алдағы жылдары бас қала толығымен газбен қмтамасыз етіледі деп сендіріп отыр.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz