Көйлек киген Гүлмира Ізбасқанова көпшілікті таңғалдырды (видео)
Желіде анасымен ән айтып танылған әнші Гүлмира Ізбасқанова шетелде түскен видеосын көрсетті. Көйлек кимегені үшін көпшіліктен сын еститін өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарын ерекше образбен қуантты, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
«Гүлмира көйлек кимейді деп кім айтты сіздерге?», — деп жазды Ізбасқанова. Видеодан ұзын етекті қызыл көйлек пен қызыл түсті тәж таққан әншіні көруге болады. Ізбасқанованың айтуынша, видео Стамбұл қаласында түсірілген. Ал түсірілім жұмыстарына 100 мың теңгеден аса қаражат жұмсаған. Ал желі қолданушылары Гүлмира Ізбасқанованың сұлулығына таңғалғанын жасыра алмай, жарыса пікір білдірді. «Сұлусыз», «Көйлек керемет жарасады», «Енді шашыңызды өсірсеңіз, әдемі боласыз», «Жарасымды», — деп жазды желідегілер.