Home Жаңалықтар Кофе мен шайдың жүкті әйелдерге зиян екені анықталды

Кофе мен шайдың жүкті әйелдерге зиян екені анықталды

0
143
Кофе мен шайдың жүкті әйелдерге зиян екені анықталды


Ғалымдар жүкті әйелдерге шай мен кофе ішуге болмайтынын айтты.

Ирландиялық ғалымдар кофе мен шайдың құрамындағы кофеин іштегі шарананың салмағына кері әсер етеді деуде. Зерттеушілер 941 ана мен баланың денсаулығына талдау жасаған. Олардың жартысына жуығында 48 пайызында жүкті әйелдердің ағзасына кофеин шай арқылы түскен, ал қалған 38 пайызы кофе ішкен.

Мамандар жүктіліктің алғашқы үш айында күн сайын тұтынылатын әр жүз миллиграм кофеин нәрестенің салмағын 72 грамға азайтатынын анықтады. Бұдан бөлек, кофеин шарананың бойы мен гестациялық жасының қысқаруына әкеп соғады. Кофеинді көп қолданған аналардың баласының салмағы аз қолданғандардың баласынан 170 граммға аз болған.

Сонымен қатар, құрамында кофеині бар сусындарды көп ішкен әйелдерде босану кезіндегі асқынулар жиі кездеседі. Мамандардың айтуынша, күніне 200 миллиграмм норма болып есептеледі. Дегенмен, кофеиннің аз ғана дозасы жатырдағы сәбиге әсер етеді.