«Клебанов әкім мен министрді адам деп санамайды»: Ерлан Саиров олигархтартың есіргенін айтты
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «ADAL ADAM» YouTube-арнасына берген сұхбатында өндіріс саласындағы олигархтардың билік өкілдерін елемейтінін айтып, Клебановқа қатысты оқиғаны мысалға келтірді, деп хабарлайды Kznews.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
«Екібастұзда төтенше жағдай болған кезде оқиға орнына бардым. Сонда байқағаным, Александр Клебанов деген олигарх әкімді, министрді адам құрлы көрмейді. Тіпті мүлдем сөйлеспейді, керек қылмайды», — деді ол.
Депутаттың айтуынша, олигархтардың бұлайша өктемсуі тегін емес. Елдегі заңның басым бөлігі ауқатты өндіріс иелерінің мүддесіне сай өзгертілген көрінеді.
«Кезінде Клебанов секілді олигархтар депутаттарға қысым жасап, барлық заңды өз мүддесіне сай өзгерткен. Олардың ығына жығылған депутаттар көп заңға түзету енгізді. Қазір Мәжілісте бұрын негізсіз өзгерген заңдарды қайта қарап, өзгертіп жатырмыз. Мемлекет құзыретін арттырып және еңбек, өндіріс қауіпсіздігіне қатысты өзгерістерді енгізудеміз», — дейді депутат.
фото: azattyq-ruhy.kz