Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Блогер Ирина Раззақ Мақпал Қаратай мен Айнұр Тұрсынбаева жайлы бар шындықты айтты.
Өзі Мақпал Қаратайдың алдауына түскен. Оның өзіне қарыз екенін де жасырмады.
Ирина Айнұр Тұрсынбаеваның кітабын сатқандағы тапқан пайдасы туралы да айтты.
«Дұрыс жаздыңыз! Есi жоқ халық әлі де шықпаған кітабын алды.
Маған бір көршім жіберіпті. 500 000 теңге ұтысқа тікті, 2 умра қажылық, 1 бриллиант жүзік ойнатып жатыр деп. Канша билет ойнап жатыр десем, 6 800 дейді.
Сонда, 6500×6800=44 млн 200 мың теңге. 4 млн ұтыска кетсе, 40 млн халық жинап беріп отыр. Кітабы бір роман дейсіз ба, жарымаған күнделік сиякты кітапша шығар, мұқабасы жоқ (глянцевыйдан жасалған) Оқып жүректері тынышталып қалғанын көрерміз. Жүрек өз тыныштығын қара жерге кіргенде табады. Өлгенше журек тулайды, шаншиды, мұңаяды, жылайды! 6 800-ден көп сатады, тамағы тесіктер. Осы ақшаға клиника салып, чекапты елде өткізетін байлық шықты қазір қаншама қыз-келішек қалтасынан», – деп жазды.
– Түркия еліне ем іздеп, сандалма қазақ!, – деп көрсетті Ирина Разақ Чекап-Медосмотр», – делінген постында.
Блогердің айтқысы келгені, Айнұр Тұрсынбаеваның Түркия еліне тексерілуге жолдама беретіні де жай ғана алдау. Ол жерде тек тексерілу. Яғни диагноз қойып, анализдер тапсыру ғана тегін. Қалғандарының бәрі ақылы.
Медициналық аппараттардың да арнайы тізімі бар. Оған ең бастысы МРТ кірмейді.
Чекап пакетіндегі дәрігерлер тізімі: ЛОР, гинеколог, офтальмолог, кардиолог, хирург, терапевт. Чекапқа келмес алдын осы тізімдегі дәрігерлер сізге керек па анықтап алыңыз. Тізімде жоқ дәрігерлер ақылы. Ал дәрігерлердің жұмысы анализге қарау арқылы оқу. Кәдімгі уақытылы медосмотрден өту және дәрігерлердің жалпылама қарауы.
Жарнамаға еріп, иллюзиядан аулақ болыңыз.
Осының барлығын асыра жарнамалап, елімізде медстраховкамен тегін өтілетін медосмотр үшін қараңғы қазақты сабылтып отырғандар Түркия елінде жүріп, ол елден жұмыс таба алмай, тек қазақты алдау арқылы қалтасын қампитқысы келгендер немесе жарнама арқылы табыс табатын блогерлер», – деп жазды.