Кішкентай қыз пойыз астына құлап кетті – видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Кішкентай бала пойыз бен платформа арасындағы қуысқа сырғып кетті. Ол вагон астынан аман-есен шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан — Sputnik. Австралияның Сидней қаласындағы теміржол станциясында кішкентай қыз пойыз бен платформа арасындағы саңылауға түсіп кетті. Бала құтқарылды, деп хабарлайды ABC. 

Қыз пойызға кірер сәтте вагон мен платформа арасындағы қуысқа құлап кетті. Машинист бұл туралы жедел түрде хабарланғандықтан, пойыз орнынан қозғалған жоқ.

Қолында сәбиі мен бесік арбасы болған баланың анасы шошып қалады. Ал үш ер адам вагондардың астынан қызды іздеуге кіріседі.

Бала табылып, пойыз астынан алып шығарылды. Ол анасына тапсырылды.

Атап өтсек, пойыз бен платформа арасындағы саңылау – Австралияда үлкен проблема. Ол әртүрлі станцияда әртүрлі, бір жерде үлкен, екінші жерде кішкентай болуы мүмкін.

2019 жылдың шілдесінде австралиялық станциядағы қуысқа бес жастағы ұл сырғып кеткен болатын.

Осыған ұқсас оқиға екі жыл бұрын да Австралияда тіркелген болатын. Ол кезде саңылауға екі жастағы ұл түсіп кеткен еді.



sputniknews.kz