«Кішкентай қорапты сатып алу арман болып қалады»: Отандасымыз құрылыс компанияларын дағдарыс кезінде бағаларын көтермеуді сұрады – Қазақстан жаңалықтары

0
47

Алдияр отандық құрылыс компанияларынан ең құрмағанда карантин кезінде бағаларды ауыздықтауды сұрайды. Осылайша олар өз жеріне деген жанашырлықты іс жүзінде дәлелдей алады дейді ол. Оның айтуынша, бәлкім бұрыннан бері баспаналы болуды жоспрлап жүрген қарапайым тұрғындар осы мүмкіндікті пайдаланып қалар.

«Кейбір отандық құрылыс компанияларының бағаны шарықтатып жібергенін байқап отырмын, қалғандары да жоспарлуда. Бірақ бұл адамгершілікке жатпайды. Жылдар бойы 35-40 шаршы метр пәтерге ие боламын деп 20 млн теңгесін жинап жүрген қарапайым халық үшін баспана енді тағы да қол жетпес сағымға айналмақ. Қазір карантин уақытында адамдар жеке басының қауіпсіздігіне қарамай, бұрынғы бағалармен алып қаламен деген үмітпен қаланы кезіп жүр. Карантин аяқталғанша және одан кейін тағы 2 апта бұрынғы бағаларды ұстай тұруларыңызды сұраймын», – дейді жерлесіміз.

Сондай-ақ Қытайдан бастау алып, бүкіл әлемге таралып кеткен вирусқа қарсы отандасымыз тек үйде отырып күресе аламыз деген сенімде. Сондықтан дәлі осы Аспанелі сияқты кааарантин лшааараларын қатаң ұстану керек дейді.

«Елімізде қабылданған карантиндік шараларды мен жоғары бағалаймын. Төтенше жағдай кезінде тәртіпті бұзғандарға айыппұлды салуды да құптаймын. Әрине, ел билігі дер кезінде қабылдаған шараларды да қолдаймын. Құрметті жерлестер, көп шығып, маскасыз жүріп, өзіңізді де, өзгелерді де қауіп-қатерге тікпеңіз. Әлі вирус анықталмаған қаншама азаматтар бар. Пассивті науқастар бар, олардың бойынан ешбір вирустың белгілері білінбеуі мүмкін, бірақ олар оны таратушылар. Мұндай жғдайлар, Түркия, АҚШ, Қытай, Оңтүстік Кореяда тіркелген еді. Сондықтан абай болыңыздар», – деп жерлесіміз халықты сабырлыққа шақырды. Ол ақпараттық қысым көбейген шақта жаңалықтарды тек қана сенімді дереккөздерден оқуға кеңес берді.

stan.kz