Киселев Sputnik Түркияға қатысты жағдайға түсініктеме берді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Россия сегодня» ХАА бас директоры Дмитрий Киселев Sputnik Түркияның айналасында қалыптасқан жағдай туралы пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Ресми Анкараның Sputnik Түркия қызметкерлеріне қатысты әрекеттері президент Владимир Путин мен Режеп Ердоғанның алдағы кездесуіне кері әсерін тигізеді. Бұл туралы «Россия 1» телеарнасындағы «Вести Недели» бағдарламасында «Россия сегодня» ХАА бас директоры Дмитрий Киселев мәлімдеді.

«Егер Мәскеуде өтуі мүмкін кездесу қарсаңында атмосфера жасау жайлы айтатын болсақ, демалыс күндері Sputnik халықаралық ақпарат агенттігінің Анкара мен Стамбұлдағы өкілдігіне жасалған озбырлық оны жақсарта қоймады. Кейбір елірген белсенділер мен түрік полициясының әрекеті кері әсерін тигізеді», — деп РИА Новости Дмитрий Киселевтің сөзінен үзінді келтірді.

Sputnik Түркия қызметкерлеріне қоқан-лоққы жасалды

Жексенбіге қараған түні адамдар Sputnik Түркияның үш қызметкерінің пәтеріне баса-көктеп кіріп, қоқан-лоққы жасаған. Журналистерді қорқытып, кәсіби қызметін тоқтатуды талап еткен.

Редакция қызметкерлері байланысқа шығуды тоқтатты, кейінірек олардың Түркия астанасындағы Әділ сот сарайына жеткізілгені белгілі болды.

Жауап алынғаннан кейін олар босатылды, өйткені прокуратура олардың әрекетінен қылмыс таппаған.

1 наурыз күні кешке құқық қорғау органдарының өкілдері Стамбұлдағы агенттіктің кеңсесіне келіп, Sputnik Түркия басшылығымен кездесуді талап етті. Кейінірек бас редактор Махир Бозтепенің ұсталғаны белгілі болды, кешке ол да босатылды.

«Россия сегодня» ХАА Sputnik Түркияның айналасындағы жағдайға байланысты БҰҰ, ЕҚЫҰ және ЮНЕСКО-ға шағымданады.



sputniknews.kz