Кирилл Павлов Санжар Бокаевқа қатысты жаңа зерттеуін жариялады

0

Өзінің YouTube арнасында журналист, агроэксперт Кирилл Павлов өте қызықты зерттеуін жариялады. «Қазақ Чувашы» арнасының авторы қазіргі уақытта мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті үшін қамауда отырған «Болашақ сәулетшілері» қорының бұрынғы басшысы Марат Әбиев пен «Нетутильсбор» белсендісі Санжар Бокаевтың әрекеттерінің таңғаларлық ұқсастықтарын көрсетті. Екеуі де уәде еткен өзгерістерден кейін ғана жақсы өмірге кепілдік береді.

Көптеген зерттеулердің авторы Кирилл Павлов өзінің жаңа видеосында неге Бокаевтың әрекеттеріне үлкен күмәнмен қарайтынын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Журналист “Нетутильсбор” қозғалысының көшбасшысының әрекеттері мен тезистері бұрынғы «болашақ сәулетшісі» Марат Әбиевтің әрекеттеріне ұқсайтынын атап өтті. Ол да адамдарға үлкен уәделер беріп, жарқырап бастаған. Фильмде Әбиевтің «сәтсіздікке ұшыраған» аграрлық жобасы мысалға келтіріледі.

«Бірнеше жыл бұрын мен өзін «Болашақ сәулетшісі» деп атаған және барлығына ертегідей өмірді уәде еткен Марат Әбиев туралы видео шығардым. Ол үшін оған 5 млн гектар қазақстандық жер беру керек болатын. Ол сиқырлы тұқым себеді, сонда бәріміз бақытты, бай болып, сән-салтанатта өмір сүретін боламыз. Бірақ Марат Әбиев тұқымдардан басқа ылғал, топырақ және басқа да нәрселер қажет екенін ескермеді. Негізінде, ол тек ақпараттық алаңға кіру және жоғары биліктің назар аударғанын қалады», — дейді видеодағы автор.

Ол кезде аграрлық қызметпен айналысқан Кирилл Павлов Әбиевті әшкерелеуге тырысты. «Схема жұмыс істемейді, ал уәделер бос сөздер», — деп ол видеосында жазған, бірақ сол кезде Әбиевке ешкім кедергң болмады. Нәтижесінде «Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы мемлекеттік төңкеріске баруға шешім қабылдады. 2023 жылдың 21 тамызында Әбиев осы қылмысы үшін қамауға алынды. Павлов өзінің жаңа зерттеуінде Бокаев та экс-«болашақ сәулетшісі» Әбиев сияқты қос ойын жүргізуі мүмкін деп ескертеді.

«Егер біз бұл бейнеге әлеуметтік шиеленісті тудыру, тек әлеуметтік өткір тақырыптарды жариялау, оқырмандардың жанын қозғату, ең ауыр нүктелерге қысым жасау сияқты қырларды қоссақ, онда біз Санжар Бокаевты көреміз. Сонымен қатар “ митингке, референдумға, үкіметті отставкаға жіберуге уәде беру, әкімдік қайда қарап отыр, неге барлығы жаман адамдар!», — деп өз пікірін бөліседі Кирилл Павлов.

Фильмде сондай-ақ белсенділердің Ескі Қазақстанның адамдарына байланысы бар құжаттар мен мұрағат материалдары келтіріледі. Автор Бокаев, мүмкін, Әбишевтен кейінгі «Билік бастамаларына қарсы күресуші»
“жетілдірілген” жоба деп болжайды.

«Мен Бокаев мырза бұл барлық «карнавалдарды» қандай мақсатпен ұйымдастырып жатқанын білмеймін, бірақ бұл қоғамдық мүдделер мен халыққа қамқорлық көрсету үшін емес екені белгілі. Сондықтан мен бұл әрекеттердің Марат Әбиевтің іс-әрекеттеріне ұқсас жағымсыз салдарынан сақтанғым келеді», — деп қорытындылайды Павлов.