Кино саласының былық-шылығын жайып салған Тұрсынов Ұлттық сенім кеңесінен шығарылды

0
86

Ұлттық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды. Кеңес құрамынан Ермек Тұрсынов шығарылған. Е.Тұрсынов бұған дейін Қазақстандағы кино саласының ішкі жай-жапсарын, ондағы жемқорлық жайлы батыл пікірлер айтқан тұғын.

Тұрсынов туралы белгілі журналис Серік Әбікенұлы: «Ерекең Ұлттық кеңестен кетіпті. Тегін кетпеді, мәдениет, әсіресе кино саласының қоясын ақтарып кетті.

Айтқаны дәлелденді, әр желінген ақшаны тиынына дейін санап берді. Фигуранттардың бәрі ішкен-жегенін мойындаған, бірақ… бірақ іс тоқтатылыпты. Тұрсынов шыр-шыр етіп ашық хат жазды, оны үш-төрт сайт жариялады. Болды.

Мәдениет саласындағы мықтылар ләм деп үн қоспады, үкіметпен ұрсысып жынды ма. Бұл жайлы бәрі біледі, президент те естіген, арғысы солардың арына жүк, дейді Ерекең. Жемқорлықты жоямыз!!! Ура!!! – деп шариковшылап айғайлаған оңай, ал күрескен қиын. Оны көзге шұқып көрсеткендерді кеңестен қуа салу әлдеқайда тыныш» деді.