Кино мамандары XX ғасырдың үздік фильмін атады — Кино
Америкалық кинотүсірушілер қоғамы (American Society of Cinematographers, ASС) өзінің 100 жылдық мерейтойына байланысты XX ғасырдағы ең үздік 100 фильмді таңдады, — деп хабарлайды 360 телеарнасы.
Тізім ASС мүшелерінің дауыс беруі арқылы жасалған. Онда жиналған картиналар нақты бір коллекция стилін ұсынады және визуалды шешімнің нәтижесі. Бұл фильмдер шабыттандырады және киноматография саласының болашағына үлкен әсер береді.
Тізімнің басында режиссер Фредди Янг 1962 жылы түсірген «Лоуренс Аравийский» фильмі түр. Оның осы картинасы жеті «Оскар», төрт «Алтын глобус» және басқа да марапаттарға лайық болған. Мамандар шедевр авторларының кәсібилігіне және қиын жағдайда жұмыс істеу ерлігін атап өтті. Фильм Иорданияда түсірілген, онда ауа райы тым ыстық. Су алу үшін олар 240 шақырым жерге барып отырған.
Екінші орын — режиссер Ридли Скотт және оператор Джордан Кроненветтің «Бегущий по лезвию»фильмі. Үшінші орынға Фрэнсис Форд Копполо мен Витторио Сторароның «Апокалипсис сегодня» фильмі жайғасты.
Төртінші орын — Орсон Уэллс (1941 год), «Гражданин Кейн». Бесінші орында — «Крестный отец» 1972 (Копполо).
Толық тізіммен мына жерден таныса аласыз.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz