Кінәлілер анықталады: Тоқаев мәлімдеме жасады

Қысқа сілтеме алу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке арнайы комиссия құрып, кінәлілерді анықтауды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбукте хабарлады.
Комиссияға вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді.
«Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді», — деп жазды Уәли.
Сондай-ақ, президент үкімет пен Нұр-Сұлтан әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті.
sputniknews.kz