Жаңа төлем жүйесі: кімдердің жалақысы 70 мыңнан 85 мың теңгеге өсті  

0

 

Тараздағы №2 қалалық емханада 500-ге жуық дәрігердің жалақысы артқан

Жамбыл облысында 20 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысы өсті.

«Медицина қызметкерлері жалақысының өсуі қызмет көрсету сапасын арттырып, әсіресе жас мамандардың жұмысқа деген құлшынысын арттырады», – дейді тараздықтар.

Мәселен, №2 қалалық емханада 500-ге жуық ақхалаттының жалақысы артқан, деп хабарлады «Хабар 24».

Ал Жамбыл облысы бойынша 20 мыңнан астам медицина қызметкері жаңа төлем жүйесі бойынша еңбек ақыларын ала бастады.

«Жалақының өсуі үлкен қуаныш. Өйткені емханада әркез маман тапшылығы байқалып тұрады. Енді жас мамандар жұмысқа көптеп тартылады деген сенім бар. Бұған дейін жұмысқа жаңа орналасқандар 70 мың теңге ғана алса, енді жалақылары 85 мың теңгеге жетіп отыр», — деп атап өтті №2 қалалық емхана дәрігері Анар Жүнісәлиева.

sputniknews.kz